Accessibility links

ЕуроОдақ Иранды ядролық келісімді қабылдауға шақырды


ЕуроОдақ жетекшілері Иранды БҰҰ әзірлеген ядролық отын туралы келісімді қабылдауға шақырды.

Иран бұл келісімнің жобасына өзгерістер енгізуді сұрады. Батыс бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Теһран әлгі келісімнің негізгі бөлімін қабылдамаған. Келісім жобасына сәйкес, Иран ядролық отын жасау үшін уранын шетелге шығаруы тиіс. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп алаңдап отыр бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

ЕуроОдақ басшыларының айтуынша, егер әлгі келісімге қатысты алғабасушылық жасалса, ол Еуропа Одағы мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруына алып келіп, екі жаққа пайдалы болатын ынтымақтастыққа жол ашады.
XS
SM
MD
LG