Accessibility links

Б.Обама 7 қарашадан кейін шешім қабылдайды


АҚШ президенті Барак Обама ресми Вашингтонның Ауғанстан мен Пәкістандағы жаңа стратегиясын өзінің жетекші кеңесшілерімен талқылауын өткен жұма күні тағы жалғастырды. Ақ үйде болып өткен кеңеске Пентагонның басшысы Роберт Гейтс, штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы, адмирал Майкл Маллен және қорғаныс саласының тағы бірқатар жоғары лауазымды шенеунегі қатысты.
Сарапшылар Ауғанстанға қосымша әскери бөлімдерді жолдау мүмкіндігі туралы өзінің қандай шешім қабылдағанын президент Обама Ауғанстандағы 7 қарашаға белгіленген президент сайлауының екінші туры аяқталған соң ғана жариялауы ықтимал.
XS
SM
MD
LG