Бүгін әлемде алғаш рет БҰҰ-ның жариялауымен өкпенің қабынуына қарсы күн өткізіледі.
БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Азия мен Африкадағы, сондай-ақ ондаған дамушы елдердегі аталған дертке шалдыққан балаларды емдеуге 40 миллион доллар шамасында қаржы жинау жөнінде кампания өткізуді бастады.
Сарапшылар өкпенің қабынуын 5 жасқа дейінгі балалардың «басты ажалы» деп атайды. Жыл сайын әлемде осы науқастан екі миллионнан астам сәби шетінейді.