Атырау облысында жол полициясы басқармасының 20 жастағы кіші сержанты қызметтік міндетін өтеу барысында көз жұмды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.
«31-қазан күні таңғы сағат 5-те «Авангард» ықшамауданында орналасқан «Қазақтелеком» АҚ ғимаратының жанында мас күйінде рөлге отырған 1988 жылы туған жүргізуші көлікті тоқтатқан жол полициясының инспекторы Нұрберген Өтемісовті қасақана қағып кеткен. Оқиға орнында есін жимаған полицей көз жұмған», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.
Бірден ұсталған көлік жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалған, бұл іспен ІІД-нің тергеу басқармасы айналысуда.