Accessibility links

Ауғанстанда сайлаудың екінші кезеңі болмайды


Ауғанстан сайлау комиссиясының басшысы сенбіге белгіленген президент сайлауының екінші сатысы өтпейтін болды деп мәлімдеді.
Сөйтіп 2009 жылғы сайлауда қазіргі президент Хамид Карзай қайта сайланды деп хабарланып отыр. Тәуелсіз сайлау комиссиясының жетекшісі Дауд Әли Нажафи бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Жексенбі күні Карзайдың негізгі қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла саулаудың екінші кезеңі де әділ өтпейді деп сайлауға түсуден бас тартты. Тамыздың 20-дағы дауыс берулерге қатысты шағымдарды қараған халықаралық тергеу комиссиясы сайлауда жаппай заңбұзушылықтар болды деп тапқан соң, сайлаудың екінші сатысы өткізіледі деген шешім шығарылған еді.

Дүйсенбі күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Кабулда сөйлеген сөзінде БҰҰ тәуелсіз сайлау комиссиясының кез келген шешімін қолдап, құметтейді деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG