Ресейдің Дағыстан республикасында қауіпсіздік күштерімен арада орын алған қақтығыста исламшыл бүлікші деп күдіктелген кемінде 2 адам өлтірілді. Жергілікті ФСБ қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Хасавюрт қаласындағы бір үйде жасалған рейд барысында екі күдікті өлтірілген. Сонымен қатар қауіпсіздік күштері әлгі үйдің ішінде бір әйелдің мәйітін тапқан.
Оның алдында Дағыстанның Бавтугай ауылындағы мешіттің имамы оққа ұшқан болатын.
Оның алдында Дағыстанның Бавтугай ауылындағы мешіттің имамы оққа ұшқан болатын.