Accessibility links

Карзай президент болып қайта сайланды


Ауғанстандағы тәуелсіз сайлау комиссиясының басшысы Азизулла Лудин сенбіге жоспарланған президент сайлауының екінші сатысы өтпейтін болды деп мәлімдеді.

«Конституцияның 156-шы бабы мен сайлау туралы заңның 49-шы бабына сәйкес, Сайлау комиссиясы президент сайлауының бірінші сатысындағы жетекші үміткер Хамид Карзайды президент етіп жариялайды» деді Лудин.

Жексенбі күні Карзайдың негізгі қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла сайлаудың екінші кезеңі де әділ өтпейді деп сайлауға түсуден бас тартты. Тамыздың 20-дағы дауыс берулерге қатысты шағымдарды қараған халықаралық тергеу комиссиясы сайлауда жаппай заңбұзушылықтар болды деп тапқан соң, сайлаудың екінші сатысы өткізіледі деген шешім шығарылған еді. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун тәуелсіз сайлау комиссиясының шешімін қолдап отыр.
XS
SM
MD
LG