Accessibility links

Обама Карзайды президенттік мандатымен құттықтады


АҚШ президенті Барак Обама Хамид Карзайды кезекті президенттік мандатымен құттықтап, оны Ауғанстандағы жемқорлықпен күреске баса назар аударуға шақырды.

Ақ үй өкілі Роберт Гиббстің айтуынша, Ауғанстандағы сайлау процесінің аяқталуы АҚШ президентінің көңілінен шыққан.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ауғанстандағы тәуелсіз сайлау комиссиясының басшысы Азизулла Лудин сенбіге жоспарланған президент сайлауының екінші сатысы өтпейтін болғанын айтып, ел Конституциясының 156-шы бабы мен сайлау туралы заңның 49-шы бабына сәйкес, Сайлау комиссиясы президент сайлауының бірінші сатысындағы жетекші үміткер Хамид Карзайды президент етіп жариялайды деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG