Accessibility links

Иранға қысым күшеюде


Иранның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық қысым күшейіп отыр. Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің басшысы Мухаммад Әл-Барадей Теһранды ядролық бағдарламасы төңірегіндегі алаңдаушылықтарды жеңілдетуге бағытталған келісім жобасына таяу арада жауап беруге шақырды.

БҰҰ әзірлеген бұл келісімге сәйкес, Иран ядролық отын жасауы үшін өзіндегі уран қорын шетелге шығаруы тиіс. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Иран қазір маңызды кезеңге тап болып отыр. Егер әлгі келісім мақұлданса, Иран оқшаулануды емес ынтымақтастуды қалайды дегенді білдіреді деді Клинтон.
XS
SM
MD
LG