Accessibility links

Мәжіліс жеке басқа қол сұғуды жазалайтын заң жобасын мақұлдады


ҚР Парламентінің мәжілісі азаматтардың жеке өмірі, телефон әңгімелері мен хаттарын жариялаушыға қарсы жауапкершілікті қатайтуды көздеген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Парламентке үкімет ұсынған «Азаматтардың құқын қорғау мен жеке басқа қол сұғылмау мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу» деп аталатын бұл заң жобасы бойынша жеке басқа қол сұғу қызметтік өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылғанда жария түрде бес жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу ұсынылады.
XS
SM
MD
LG