Accessibility links

Германия General Motors-тың шешімін сынады


Германияның экономика министрі АҚШ-тың General Motors компаниясының еуропалық Opel бөлімін сатпау жөніндегі шешімін "мүлдем қабылдауға келмейді" деп сынады.

"General Motors-тың Германияға қатысты әрекетін мүлдем қабылдауға келмейді. Осы мәселеге тек қана General Motors жауапты. Кеше ғана қызметкерлер бұл проблеманың шешімін табу үшін жалақылардың азайтылуына келісетіндерін айтқан болатын. Қызметкерлермен айналысу General Motors-қа байланысты", - деді Рейнер Брудерле.

Opel-дің германиялық зауыттарындағы жұмыскерлер General Motors-тың шешіміне наразылық танытуға шақырды.

Бірнеше айға жалғасқан келіссөздерден кейін General Motors Opel-ді Канаданың Magna компаниясы мен ресейлік серіктесі "Сбербанкке" сатуға келіскен болатын. Алайда сейсенбі күні General Motors Opel-ді сатпайтынын мәлімдеді.

Германия үкіметі Magna келісімін қолдап, бұл елдегі 25 мың жұмысшыға жақсы болашақ ұсынады деген еді.
XS
SM
MD
LG