Accessibility links

Таразда қатты желден тұрғындар жарықсыз қалды


Күшті желдің салдарынан Таразда көптеген тұрғындар жарықсыз қалды, — деп хабарлады «Тараз қалалық электр желісі» ЖШС директоры Жұмабек Бөлекбаев.

Оның айтуынша, 134 жеке және заңды тұлғадан жарықты жалғау туралы тапсырыс түскен. Ізілген электр желілерін жөндеуге 17 бригада бөлінген.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бейсенбіден жұмаға қараған түні басталған күшті жел әлі басылмаған.
XS
SM
MD
LG