Accessibility links

Иран франциялық агенттіктің журналисін қамады


Францияның AFP ақпарат агенттігіне жұмыс істейтін ирандық журналисті қауіпсіздік күштері қамауға алған.

Теһрандағы AFP бюросының басшысы Джей Дешмухтың айтуынша, журналист Фархад Поулади сәрсенбі күнгі шеру жайлы хабар жасауға кеткен. Поуладидің қайда екендігі белгісіз.

Сәрсенбі күні Иранда билікке қарсы шерулер өткен болатын. Иран оппозициясы исламшыл студенттердің АҚШ елшілігін басып алған оқиғаға 30 жыл толғанына орай елдегі үкіметтік шаралар аясында шеру өткізген еді.

Иран барлық шетелдік журналистердің үкіметтің рұхсатынсыз өткен қандайда бір шаралар туралы хабар таратуына тыйым салған.
XS
SM
MD
LG