Accessibility links

Йемендегі шабуылға жауапкершілікті әл-Қаида алды


Әл-Қаида ұйымы осы аптада йемендік қауіпсіздік күштерінің үш қызметкері қаза тапқан шабуылға жауапкершілікті алып отыр.

Бұл топ интернетке жариялаған мәлімдемесінде, сейсенбі күнгі шабуыл біздің Йемендегі түрмеде отырған бауырларымызға қолдау болды делінген.

Бұл мәлімдеменің шынайылығы анықталған жоқ, бірақ ол әл-Қаида ұйымы пайдаланатын вебсайтқа шықты.

Саудиямен шекараға жақын аймақта йемендік бүлікшілер саудиялық қауіпсіздік күштеріне шабуылдап, бір офицер қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG