Accessibility links

Қазақстан тұрғын үй мен бизнесті несиелендіруге 110 миллиард теңге бөлмек


Қазақстан тұрғын үй құрылысы мен шағын және орта бизнесті несиелендіру, сондай-ақ елдегі қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға 110 миллиард теңгеден астам қаржы бөлмек. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің басшылығымен өткен мемлекеттік комиссияның экономиканы модернизациялау жөніндегі отырысында шешім қабылданды.

Аталған шараларды жүзеге асыруға қажетті 110,5 миллиард теңгенің 72 миллиарды мемлекет қаржысынан, қалған 38,5 миллиарды басқа көздерден алынады, — делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
XS
SM
MD
LG