Accessibility links

Батыс Қазақстанда үш бала өрттің құрбаны болды


ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының Егіндібұлақ ауылындағы бір үйде бейсенбіден жұмаған қараған түні өрт шығып, 56 шаршы метр аумақты шарпыған өрттің салдарынан үш бала көз жұмған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күшімен ауыздықталған өрттен кейін денелері табылған баланың екеуінің жасы бесте, біреуі тоғызда болған. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.
XS
SM
MD
LG