Accessibility links

Украинада президенттік сайлауға кандидаттар ұсыну аяқталады


Бүгін Украинада президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі 13-қараша күні бітеді, содан кейін Орталық сайлау комиссиясы олардың тізімін жария етпек. Ал Украина президентін сайлау 2010 жылдың 17-қаңтары күні өткізіледі.

Қазірге дейін елдегі ең биік мемлекеттік лауазымға үміткер болып 14 адам тіркелген, олардың арасында қазіргі президент Виктор Ющенко, премьер-министр Юлия Тимошенко, Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович бар.
XS
SM
MD
LG