Accessibility links

Израиль Газаға қатысты БҰҰ-ы есебін қабылдамады


Израиль өткен қыста Газадағы қақтығыста Израиль мен палестиналықтардың соғыс қылмыстарын тергеуге шақырған БҰҰ-ы Бас ассамблеясының қарарын қабылдамай отыр.

Бұл қарарда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Газадағы соғыс қылмыстары үшін Израиль мен палестиналық Хамас тобын айыптап, екі жақты соғыс қылмыстарын өздері дұрыстап тергемеген жағдайда халықаралық қылмыстық сотқа тартуды ұсынады.

Бейсенбі күнгі дауыс берулерде 114 дауыс қолдап дауыс берсе, 18-і қарсы шығып, 44-і дауыс беруге қатыспады.
XS
SM
MD
LG