Accessibility links

Иран ядролық отын жоспары бойынша толығырақ мәлімет беруге дайындалуда


Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттакидің мәлімдеуінше, Иран БҰҰ-ның халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттігіне өзінің ядролық бағдарламасына байланысты жасалған ұсыныс бойынша жауап беруге ыждахатты түрде дайындалып жатыр.

Мемлекеттік телеарнадан сөйлеген Моттаки Иранда үш таңдау бар, ол уран отынын өзі байыту, оны тікелей сатып алу немесе өз уранын отынға айырбастау деген.

БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше елдері мен Иран арасындағы келіссөздерден кейін МАГАТЭ-нің Теһранға ұсынған жоспарында, Иран өзінің төмен байытылған уранын байытып отынға айналдыру үшін шетелге жіберуі керек делінген.

Иран бұл ұсынысқа қазанның 23-не дейін жауап беруі керек болған.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG