Accessibility links

Өзбекстан Қытайға табиғи газ бермекші


Өзбекстан Қытай еліне 10 млд текше метр табиғи газ беретін келісімге қол қойды. Бұл туралы Азаттық радиосының өзбек редакциясы хабарлап отыр.

Өзбек газы 2011 жылы Түркменстан - Қытай құбыржолының екінші бөлігі аяқталған соң беріле бастайды.

Ол жол Өзбекстан мен Қазақстан арқылы өтеді. Қазірге дейін Өзбекстан газы Ресейдің Газпром және Лукойл компаниялары арқылы тасымалданып келген.

Соңғы жоспар бойынша, Түркменстан –Қытай құбыржолының кіші бөлігі Түркменстанның Газлы қаласынан өтеді. Сол жерде Өзбек газы құбыржолына айдалатын болады.

Сарапшылардың көбі Орта Азия газы үшін Қытай Ресеймен ашық бәсекелестікке түсті дейді. Лукойл компаниясының өкілі Өзбекстанның Қытаймен жобалары өзбек еліндегі Лукойлдың жұмысына әсер етпейді деп айтты.
XS
SM
MD
LG