Accessibility links

Ресейдің әскери ұшағы апатқа ұшырады


Ресейдің ақпарат аганттіктері хабарлап жатқандай, ішінде 11 адамы бар әскери ұшақ Қиыр Шығыс аймағында құлады.

ИТАР-ТАСС агенттігіне елдің төтенше жағдай министрлігі Ту-142-М3 ұшағы Хабаровск аймағынан 20 шақырым жерде апатқа ұшырады деді.

Интерфакс агенттігі қорғаныс министрлігі ресмилерінің жұма күнгі жаттығу шараларынан кейін ұшақ радарға көрінбей кетті дегенін жазып отыр.

Хабарларға қарағанда, қаза тапқандардың мәйітін судан тапқан. Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG