Accessibility links

Үлкен-20 тобының қаржыгерлері Шотландияда кездесуде


“Үлкен-20” тобына мүше дамыған дәулетті елдердің қаржы министрлері мен банкирлері ғаламдық экономиканы көтеру мен климаттың жылынуына қарсы күрес мәселесін талқылау үшін Ұлыбританияда кездесуде.

Шотландияның Сан-Эндрюс қаласындағы екі күндік жиын қыркүйек айындағы “Үлкен-20” тобы жетекшілерінің АҚШ-тың Питтсбург қаласындағы кездесуден кейін өтіп отыр.

Қаржы ресмилері мүше елдер рецессиядан шығу үшін қаншалықты ынталандыру шығындарын жалғастыра беруі керек деген мәселені талқылайды.

Және де олар желтоқсан айында Копенгагенде өтетін саммит қарсаңында әлемнің кедей және бай елдері ғаламдық жылынумен күресте не істеуі қажет деген тақырыпты ортаға салады.

“Үлкен-20” тобына Қытай, Ресей, Бразилия, Түркия, Құрама Штаттар мен Еурропа Одағы енеді.
XS
SM
MD
LG