Accessibility links

Украинада тұмау құрбандары 135-ке жетті


Бүгін Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі елдегі тұмау эпидемиясынан 135 адам көз жұмды деп мәлімдеді.

Бұл хабарлама Украина доңыз тұмауына байланысты Еуропадан медициналық көмек алған тұста айтылды. Ресмилердің айтуынша, 870 мыңнан аса адам тұмауға шалдыққан.

Олардың 40 мыңы қазан айында ауруханаға жатқызылды. Бұл елдегі 14 адамның қазасы H1N1 вирусына байланысты екені нақтыланған.
XS
SM
MD
LG