Accessibility links

Обама Нидал Хасанға қарсы тұрғандарды батыр деп атады


АҚШ президенті Барак Обама радио арқылы жолдаған үндеуінде, Техастағы Армия базасында сарбаздарға оқ жаудырған Нидал Малик Хасанға қарсы тұрып, жараланғандарға көмектескен әскерилер мен азаматтық тұлғаларды батыр деп атады.

АҚШ билігі палестиналық эмигранттың баласы, әскери психиатр Хасанның әскерилерге не себепті оқ атқанын зерттеп жатыр.

Оның туыстарының айтуынша, Хасан соңғы кезде Ауғанстан мен Ирақтан оралған әскери замандастарымен байланысы нашарлап кеткенін айтып жүрген. Сонымен қоса, оның Ауғанстан немесе Ираққа баруы керек болған.

Бейсенбі күні орын алған атыс кезінде 13 адам қаза тауып, 30-дан аса әскер жараланған. Хасан өзіне қарсы атылған оқтан ауруханада жатыр.

Президент Барак Обама бұл оқиғаға байланысты Жапонияға сапарын кейінге қалдырып, сейсенбі күні әскери базадағы қаралы жиынға қатысатын болады.
XS
SM
MD
LG