Accessibility links

Түркия Судан президентін тұтқындамайтынын айтты


Түркия билігі елдегі Ислам конференциясы ұйымының отырысына қатысуға келетін Судан президенті Омар Хасан әл-Башарды өздерінің тұтқындамайтындықтарын мәлімдеді.

Осының алдында Еуропа Одағы Суданның Дарфур провинциясындағы әскери қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген әл-Башардың Стамбулға сапарына қатысты Түркияға наразылық хатын жолдаған болатын.

ЕуроОдақ Анкарадан Судан президентін кездесуге шақыру жөніндегі шешімін қайта қарауды сұраған. Бірақ Түркия одан бас тартып, әл-Башарды Стамбулға ел үкіметі шақырған жоқ, ол Ислам конференциясы ұйымына мүше елдің өкілі ретінде келе жатыр деген.
XS
SM
MD
LG