Accessibility links

АҚШ-та мұсылмандарға қарсы реакцияның алдын алу қарастырылуда


Құрама Штаттардағы отандық қауіпсіздік хатшысы Джанет Наполитано Техас штатындағы әскери базада болған атыстан кейін, елде мұсылмандарға қарсы болуы мүмкін кері реакцияның алдын алу үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Наполитано өзінің агенттігі қарашаның 5-дегі американдық мұсылман армия майоры Нидал Малик Хасанның әскерлерге оқ жаудырған әрекетінен соң, АҚШ-тағы мұсылмандарға қатысты қандайда бір қарсылықтарға жол бермеу үшін жұмыс жасап жатқанын алға тартты.

АҚШ-тың армиясында психиатр дәрігер болып жүрген 39 жасар Хасан әскери базадағы 13 адамды атып өлтіріп, 30 шақтысы жараланған.
XS
SM
MD
LG