Accessibility links

Аштық жариялаған беларус белсендісі түрмедегі ауруханаға жатқызылды


Абақтыда аштық жариялаған Беларусь оппозициясының белсендісі түрмедегі емханаға ауыстырылды. Бұл жайында Азаттықтың беларус қызметі хабарлады.

Біріккен азаматтық партиясының өкілі Андрей Бандаренка қаржыны жымқырды деген айыппен өткен айда жеті жылға түрмеге жабылған.

Ол өзіне шығарылған үкімге наразылық ретінде қазанның 19-нан бері аштық акциясын өткізіп келген. Бандаренка мен оның қолдаушылары сот үкімінің саяси астары бар екенін айтады.
XS
SM
MD
LG