Accessibility links

БҰҰ пен АҚШ Ирақтың сайлау заңының қабылданғанын мақұлдады


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун мен АҚШ президенті Барак Обама алдағы жылы Ирақта кезектен тыс сайлаулар өткізуіне жол ашатын сайлау туралы заң жобасын ирақтық заңшығарушылар қабылдағанын оң қабылдады.

Бірнеше аптадағы келіссөздерден кейін жексенбі күні Ирақ парламенті елдің күрдтер, арабтар мен түркмендер тұратын мұнай шығарушы Киркук қаласында дауыс берулер қалай өтеді деген мәселеді бір мәмілеге келді.

Депутаттар түрлі этникалық топтар мекендейтін аймақта дауыс беру қортындысы уақытша, кейінірек қайта қарау негізінде болады деп шешті.

Басында қаңтардың 16-сы деп белгіленген сайлау мерзімі тағы кемінде бір аптаға шегерілуі мүмкін.

Бұған дейін Құрама Штаттар заң жобасын қабылдауды тым кейінге қалдыру АҚШ-тың алдағы жылы Ирақтағы әскерін шығару жоспарына кері салдарын тигізуі мүмкін деп алаңдаған.
XS
SM
MD
LG