Accessibility links

ТЖМ: Астанадағы өрт құрбандарының арасында Ресей азаматтары да бар


Астанадағы пенопласт сақталатын қоймадан шыққан өрт салдарынан құрбан болғандардың арасында Ресейдің 21, 41, 42 және 56 жастағы 4 азаматы бар, — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сондай-ақ көлемі 8 мың шаршы метр аумақты шарпыған өрт кезінде қоймада 20 жұмысшының болғаны, әзірге 14 адамның қаза тауып, 2 адамның зардап шеккені хабарланды.

Құлаған қирандының астында адамдар қалуы мүмкін болғандықтан жедел топ іздеу шараларын жалғастыруда. Апаттың неден болғаны жөнінде хабарланған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG