Accessibility links

Обама қырғын болған әскери базадағы қоштасу рәсіміне барады


Бүгін АҚШ президенті Барак Обама Техастағы Форд Худ армия базасына барып, психиатр дәрігердің оғынан қаза тапқан 13 әскерді жерлеу рәсіміне барады.

Госпиталь ресмилері сарбаздарға оқ жаудырған армия майоры Нидал Малик Хасанның есін жинап, сөйлейтін жағдайға келгендігін айтып отыр.

Алайда ресмилер Хасанға қандай ем жүріп жатқанын, немесе оның тілге келгенде не айтқаны туралы мәлімет бермеді.

Өткен бейсенбі күнгі шабуылында 39 жасар Хасанның өзіне қарсы оқ атылып, содан бері ол комада жатқан.

Бұл оқиға байланысты жүріп жатқан тергеу амалдарында, Хасанның әл-Қаида террорлық ұйымымен байланысы бар ма деген мәселе тергеліп жатқаны айтылды. Оның ісі әскери сотта қаралады деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG