Accessibility links

Ресейдің Қиыр шығысында бетперде кимеген қызметкерлерге айыппұл салынды


Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск өлкесіндегі ресмилері бетперде кию талаптарын орындамаған ұйымдар мен компанияларға айыппұл салуды бастады.

Бұл жөнінде Азаттықтың орыс қызметіне аймақтың тазалықты бақылау кеңсесі хабарлап, өткен айдың соңында доңыз тұмауы эпидемиясына байланысты бетке медициналық маска кию тәртібі енгізілген деп отыр.

Бұл бақылау мекемесі жергілікті 52 компанияны тексергенде, олардың 25-і талапты орындамай отырғанын байқадық деді. Ол компаниялардың басшылығына 65-тен 130 долларға дейін айыппұл салынған.

Тәртіп бойынша дүкен, мейрамхана және қоғамдық көлік қызмет көрсету жұмыскерлері беттеріне маска киюі керек. Аймақта доңыз тұмауының 318 оқиғасы ресми тіркелген.
XS
SM
MD
LG