Accessibility links

Қаржы полициясының орынбасары есірткімен ұсталған


Алматыда есірткі сақтады деген күдікпен Алматы қалалық қаржы полициясы басшысының орынбасары ұсталды деп хабарлады қалалық ҰҚК департаментінің баспасөз қызметі Азаттық радиосына.

Баспасөз өкілі Болатбек Төлетаевтың айтуынша, 5 қарашада Алматы қаласындағы жер асты автотұрақтарының бірінде Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті төрағасының орынбасары есірткімен құрықталды.

Оның қалтасынан табылған есірткі заттары гашиш және марихуана екенін химиялық-сот сараптама қортындысы көрсетті делінген ол хабарламада.

Бұл іс бойынша департаменттің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 259 - бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел тергеу амалдары одан әрі жүргізілуде",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG