Accessibility links

Париж бен Берлин Бітім күнін бірінші рет бірге тойлайды


Франция мен Германияның басшылары алғаш рет І-дүниежүзілік соғыстың аяқталуын бірге атап өтеді. Ол үшін неміс канцлері Ангела Меркель сәрсенбі күні Парижге келіп, француз президенті Николя Саркозимен бірге Бітім күніне арналған салтанатты шараға қатысады.

1918 жылдың 11 қарашасында Германия мен Антанта одағы арасындағы соғыс қимылдарын доғаруға негіз болған Компьен бітіміне қол қойылды.

Германияға қарсы коалицияға кірген өзге талай елде осы күн түрлі атауымен мемлекеттік мереке ретінде тойланады. Мысалға, АҚШ-та 11 қараша ардагерлер күні болып табылады.
XS
SM
MD
LG