Accessibility links

Дағдарыс кезінде Қытай қарқынды дамуда


АҚШ пен Жапониядан кейінгі бүкіл әлемдегі ең үлкен үшінші экономика болып табылатын Қытайда өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 16 пайызға өсті. Ол туралы Қытайдың статистика бюросы хабарлайды. Бұл – 2008 жылдың наурызынан бері өнеркәсіп өндірісінің ең қарқынды өсуі болды.

Қытайда қазан айында, сондай-ақ, бөлшек сауданың ауқымы да өткен жылға қарағанда 16.2 пайызға ұлғайды. Сарапшылар бұл құбылысты үкіметтің ішкі сұранысты ынтыландыруға бағытталған шарасымен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG