Accessibility links

Кәрім Мәсімов: «Қазақстан 2009 жылы рецессиядан шығады»


«Биыл алғашқы он айдағы экономикалық көрсеткіштер Қазақстанның 2009 жылдың қорытындысы бойынша рецессиядан шығатындығын растайды» деп мәлімдеді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Бейсенбі күні парламент сенатының жалпы отырысында сөз сөйлеген Мәсімов үкіметтің биылғы міндеттері орындалғандығын және бұл туралы мемлекет басшысына жеке баяндама дайындайтындығын атап көрсетті.

Қазақстан үкіметі 2009 жылы ішкі жалпы өнім 0,1 пайыз болады деп жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG