Accessibility links

Барак Обама бүгін Азия елдеріне сапарға шығады


АҚШ президенті Барак Обама бейсенбі күні Азия елдері бойынша сапарға аттанады.

Жұма күні Обама Токиоға тоқтап, Жапонияның премьер-министрі Юкио Хатоямамен кездеседі. АҚШ президентінің бұл елдегі жұмыс сапары екі күнге созылады.

14 қарашада Обама Сингапурде аялдап, ертесіне Азия-Тынық мұхит елдері ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшыларының саммитіне қатысады.

АҚШ президентінің Азияға сапары әрі қарай Қытай және Оңтүстік Кореяда жалғасады.
XS
SM
MD
LG