Accessibility links

ЕҚЫҰ: «Қазақстан ұйым проблемаларын шешуге көмектеседі»


ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етуі кезінде қордаланып қалған проблемаларды шешуге көмегі тиеріне сенімді екендігін мәлімдеді.

Қазақстанға қысқа мерзімдік жұмыс сапармен келген бас хатшы бүгін Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесті. Осы жүздесуден кейін журналистерге берген сұхбатында Бришамбо ЕҚЫҰ-ның саммитін 2010 жылы Астанада өткізу туралы Қазақстанның ұсынысы жақында Афиныда ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің жиынында талқыланатындығын атап көрсетті.

Қазақстан ЕҚЫҰ-на 2010 жылы 1 қаңтардан бастап төрағалық ете бастайды.
XS
SM
MD
LG