Accessibility links

Медведев Ресейді модернизациялауға шақырды


Бүгін президент Дмитрий Медведев жан-жақты модернизациялау арқылы Ресейді үлкен ықпалды елге қайтадан айналдыру керек деді. Бұл туралы ол халыққа арнаған жылдық жолдауында айтып, Ресейдің бұрынғы Совет заманындағы өнеркәсіп базасына иек арту әлі де жалғасып отырғанын сынға алды.

"Отандық және ұлттық дәулеттіліктің беделі өмір бойы өткен уақыттың жетістіктермен ғана анықталмайды",- деді президент Медведев.

Ол экономикалық жетістіктерге жету үшін жаңа технологияларды дамытуға шақырды.

Медведев Кремлдегі үндеуінде заңшығарушыларға қайрылып, ұлттың белсенділігін арттыруға көмектесу үшін Ресейдің уақыт ауқымын қазіргі 11-ден азайтуды ұсынды.

Бұл Медведевтің халыққа арнаған жылдық жолдауының екіншісі.
XS
SM
MD
LG