Бүгін Абхазия аймағындағы суда балық аулап жүрген бес грузиялықты Ресей сарбаздары ұстады.
Грузияның Ішкі істер министрлігі ұсталған балықшылар Сухуми орталығындағы абақтыға апарылып, оларға шекараны заңсыз өтіп, заңсыз балық аулады деген ресми айып тағылған деді.
Грузияның Сыртқы істер министрлігі мұны Ресейдің арандатушылығы деп, балықшыларды босатуды талап етіп отыр.
Таяу күндері кемінде төртінші рет Ресей әскері немесе оңтүстік осетиялық қауіпсіздік күштері шекараны бұзып өтті деп грузиялықтарды қамауға алған.
Бұларада Ресей-Грузия келіссөздері Женевада жалғасып, 2008 жылғы тамыз айындағы Ресей мен Грузияның бес күндік соғысынан кейін босып кеткен оңтүстік осетиялықтарды елге қауіпсіз жағдайда қайтару мәселесі талқыланды. Оған Грузияның жікшіл аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетия делегациясы қатысты.