Accessibility links

ЕуроОдақ Ресейді грузиялық жастарды босатуға шақырды


Бүгін Еуропа Одағы Грузия азаматтарының Оңтүстік Осетия аймағында қамауға алынғанына байланысты терең алаңдаушылығын танытты.

ЕуроОдақ таратқан мәлімдемеде, әсіресе қарумен жүрді деп қамалған төрт грузиялық жасты босатуға шақырамыз делінген.

Бұл мәлімдеме бүгін Абхазия аймағындағы суда балық аулап жүрген бес грузиялықты Ресей сарбаздары ұстаған оқиғадан кейін айтылып отыр.

Грузияның Сыртқы істер министрлігі мұны Ресейдің арандатушылығы деп, балықшыларды босатуды талап етті.

Таяу күндері кемінде төрт рет Ресей әскері немесе оңтүстік осетиялық қауіпсіздік күштері шекараны бұзып өтті деп грузиялықтарды қамауға алған.
XS
SM
MD
LG