Accessibility links

Президент Назарбаев бүгін халықтың сұрақтарына жауап береді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін мемлекеттік телеарналар мен радионың тікелей эфирінде азаматтардың сұрақтарына жауап береді.

Тұрғындар өз сауалдарын телефон және интернеттің көмегімен жолдай алады. Келіп түскен барлық сұрақтар «тікелей желінің» веб-порталына орналастырылады. Қазіргі таңда бұл сайтта 30 мыңнан астам сауал жарияланып отыр.

Сауал жолдау жағынан Астана мен Алматы қаласының тұрғындары алда келе жатқандығы хабарланды. Сұрақ берушілердің дені әлеуметтік қорғау, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін қозғаған.
XS
SM
MD
LG