Accessibility links

Түркия ядролық келісіммен Иран уранын сақтауға қарсы емес


Бүгін Түркияның энергетика министрі Иранның байытылған уранын сақтауға Түркия елі қуанышты болады деді.

Оның бұл мәлімдемесі Теһран МАГАТЭ-нің ұсынған жоспарынан бас тартама деген алаңдаушылық күшейіп отырған тұста болып отыр. Министр Танер Иылдыз Түркия бұл ұсынысқа жақсы қарайды деген.

Иран БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі ұсынған жоспарға әзірге жауап берген жоқ.

Ол ұсыныста Иран ядролық қару жасамақшы деп Батыстың алаңдаушылығын тудырған Теһранның төмен байытылған уранын отын алу үшін шетелге жіберу керек делінген.

БҰҰ-ы дағдарыстың алдын алу үшін оны Францияға жіберіп, отынға айналдыру алдында Ресейдің орнына Түркияға жіберуді ұсынды. Түркияның Иранмен байланысы дұрыс қалыптасқан.
XS
SM
MD
LG