Accessibility links

Медведев сауда шектеулерін жоюға шақырды


Ресей президенті Дмитрий Медведев Азия-Тынық мұхиты жетекшілерін жергілікті экономикаларын ғаламдық қаржы дағдарысынан сақтау үшін енгізілген сауда шектеулерін алып тастауға шақырды.

Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сингапурдағы форумында сөйлеген сөзінде Медведев Ресей өзінің протекционизм шараларын экономикалық дағдарыс аяқталған соң жоймақ деп атап көрсетті.

Ресей өзінің аутокөлік саласын сақтау үшін шетелден импортталатын көліктерге қатысты тарифтерді өсірген болатын.
XS
SM
MD
LG