Accessibility links

Ауғанстанда жемқорлық мәселесі зерттелмек


Ауғанстанның бас прокуроры Ешак Алеконың мәлімдеуінше, үкіметтегі жемқорлық мәселелері жаңадан зерттелмек. "Азат Ауғанстан" радиосына берген сұхбатында Алеко күдіктілердің арасында бірнеше министр бар деп атап көрсетті. Бірақ ол олардың аты-жөнін атамады. Алеконың айтуынша, конституцияға сәйкес егер президент рұқсат берсе, кабинет мүшелеріне қатысты істі арнайы сот жүргізбек.

Соңғы күндері Батыс елдері Ауғанстан үкіметін жемқорлыққа байланысты өткір сынға алған болатын.
XS
SM
MD
LG