Accessibility links

Сингапурдағы саммит жаңа экономикалық стратегия жасауға шақырды


Азия-Тынық мұхиты аймағының жетекшілері әлемдік дамуға кепілдік беру мақсатында халықаралық экономикалық интеграцияның жаңа түрін ойластыруға шақырды. Жексенбі күні Сингапурдағы саммиттің аяғында жарияланған соңғы мәлімдемеге сәйкес, аймақ басшылары ғаламдық қаржы дағдарысы жеңілдегенде бизнес әлемі бұрынғыдай болмауы тиіс деген. Олар жағдай жақсарғанға дейін экономикалық ынталандыру саясаттарын сақтауға уәде етті.

Аймақ жетекшілері сондай-ақ ғаламдық экономиканы дамыту үшін қоғамның әртүрлі мүшелерін қамтитын барлық салаларды жақсартуға бағытталған жұмыс атқарылуы тиіс деп атап көрсетті.

Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумына 20-дан астам елдің басшылары қатысты.
XS
SM
MD
LG