Accessibility links

Иран кабинеті толық жасақталды


Иран парламенті президент Махмуд Ахмадинежадтың кабинеттегі қалған үш орынға ұсынған тағайындауларын мақұлдады. Хамид Реза Хажибабай білім министрі етіп тағайындалса, бұрынғы ішкі істер министрі Садеқ Махсули әлеуметтік мәселелер бойынша министрлікті басқаратын болды, ал Мажид Намжоу энергетика министрі лауазымын иеленді.

Қыркүйектің 3-де парламент Ахмадинежад ұсынған үкіметтің 18 мүшесін мақұлдаған болатын.
XS
SM
MD
LG