Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысының мақта зауытында өрт шықты


Бүгін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістанға жақын орналасқан Икан ауылындағы «Road-Text LTD» ЖШС –нің мақта зауытында өрт болды деп хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жексенбі күні орын алған өрт салдарынан компанияның дайын өнімдері мен шикізаттары жанып кеткен. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 15 сағаттан кейін ғана ауыздықталған өрттің зауытқа әкелген шығыны 350 тонна жартылай өңделген мақта, 250 тонна мақта талшығы, 79 тонна таза мақта деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG