Accessibility links

Клинтон АҚШ Ауғанстанда қалуға мүдделі емес деді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Құрама Штаттар Ауғанстан елінде қалуға мүдделі емес деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, АҚШ-тың алға қойған мақсаттарының ішінде мүмкіндігінше тезірек әл-Қаида террорлық ұйымын құртып, Ауғанстанды терроршылар мекені болудан азат еткенде бұл елден кетуге ниет етіп отыр.

Американдық ABC телеарнасынан сөйлеген Клинтон ханым Құрама Штаттардың Ауғанстанда ұзақ қалу ойы жоқ деді. Ол бұл елдегі АҚШ-тың миссиясы әл-Қаиданы жеңіп, ауғандықтардың талибандарға қарсы тұруына көмектесу деген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы сондай-ақ Ауған президенті Хамид Карзай мен оның үкіметі бұл тұрғыда жақсы жұмыс істей алады деп сенетінін жеткізді.
XS
SM
MD
LG