Accessibility links

Қазақ елі монументінің авторлары Тасмағамбетовті қорғап шықты


Қазақ елі монументінің авторлары жастар қозғалысының Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке қайрылып, қала маңында жатқан қазақ хандарының ескерткішін орнына қоюды талап етуі негізсіз деп мәлімдеді.

Олардың пікірінше, әз-Жәнібек пен Керей хандардың ескеркіші мен қазақ батырларының мүсіндер композициясы олар өмір сүрген уақытпен сәйкес келмейді.

«Біздің хандардың ескерткіші этнография, археология және мәдени жағынан алғанда сол заманның екпініне сай келмейді» деді мәдениет танушы Лаура Оразбекова.

Суретші Қанат Ибрагимов батырлар мүсінін қытайлық жауынгерлер деп атады. Дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатына қатысушылар бұл қазақ хандарының ескерткіштері қоладан емес, басқа металдан жасалған деп отыр.
XS
SM
MD
LG