Accessibility links

Жовтис пен Күшіков өздеріне қысым болғанын айтады


Адам құқықтары жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның түрмеге жабылған басшысы Евгений Жовтис пен Время газетінің журналисі Тохнияз Күшіков қоғамға қайрылған мәлімдемелерінде, түрмеде өздеріне қысым жасалып жатқанын айтты.

Олардың мәлімдемелері бірқатар тәуелсіз басылымдарда жарияланды.

Жовтис пен Күшіков түрме жетекшісі өздерін «Еңбек-Өскемен» кәсіпорнымен еңбек келісімін жасауға мәжбүрлеп жатқанын айтып, екеуіне құқықтық кеңесші болуды ұсынған басқа жұмыс берушімен келісім жасауға рұхсат бермей отырғанын хабарлады.

Және олар түрме әкімшілігі өздерін қатаң тәртіптегі түрмеге ауыстырамыз деп қорқытқанын айтады.

Көлік жүргізу кезінде адам өліміне әкелген жол апаты бойынша айыпты деп табылған Евгений Жовтис пен Тохнияз Күшіков қыркүйек айында 4 жылға сотталып, Өскемен абақтысына жолданған.
XS
SM
MD
LG